Select Page

2025 жылғы 16 желтоқсанда №3 Студенттер үйінде Логистика және бизнес институтының «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара «Жолдағы дәстүр мен замана» – «Дәстүр VS Жаңа» тақырыбында жарқын музыкалық батл форматында ұйымдастырылды.

Кафедра күні дәстүр мен заманауилықтың үйлесімді байланысын көрсетуге бағытталды. Іс-шара барысында дәстүрлі музыкалық әуендер заманауи ритмдермен ұштасып, ұрпақтар сабақтастығы мен көлік саласының серпінді дамуын бейнеледі. Бұл идея өткен мен болашақты жалғайтын символикалық мағынаға ие болды.

Студенттер мен оқытушылар шығармашылық белсенділік, командалық рух және бастамашылдық танытты. Музыкалық батл форматы ашық қарым-қатынас орнатуға, бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ кафедраның корпоративтік мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарымен тікелей байланысты. Атап айтқанда, ТДМ 4 «Сапалы білім» студенттердің шығармашылық және коммуникативтік әлеуетін дамыту арқылы, ТДМ 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» кәсіби және әмбебап құзыреттерді қалыптастыру арқылы, сондай-ақ ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» көлік саласының орны мен маңызын көрсету арқылы жүзеге асырылды.

Кафедра күні студенттердің кәсіби болмысы мен тұлғалық дамуын қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара ретінде есте қалды.

Skip to content
Приемная комиссия