2025 жылғы 26 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Farabi HUB» инновациялық орталығының базасында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2024» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Конкурсты ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдарды анықтау және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізеді. Лауреаттар олардың ғылыми жетістіктері, жарияланымдық белсенділігі, халықаралық жобаларға қатысуы және инновациялық әзірлемелерді енгізу негізінде айқындалды. «ЖОО – ның үздік оқытушысы – 2024» және «Үздік ғылыми қызметкер — 2024» конкурстарының қорытындысы бойынша 50 ғалым және қазақстандық ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми ұйымдардың 150 оқытушысы марапаттарға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша «ЖОО – ның үздік оқытушысы-2024» атағына Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінің «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының меңгерушісі Мусалиева Роза Жалиловна ие болды