Select Page

14–20 қаңтар аралығында «Логистика және бизнес» институтының «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасында келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың қорытынды аттестациясы өтті:
«6В11330 – Көлік логистикасы»,
«6В04142 – Экономика және менеджмент (салалар бойынша)»,
«6В11326 – Тасымалдауды, қозғалысты және көлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыру»,
«6В11367 – Жол қозғалысын ұйымдастыру».

Қорытынды аттестация барысында білім алушылар терең кәсіби білімдерін, өндірістік және басқарушылық жағдайларды талдау қабілетін, сондай-ақ тәжірибелік қызметке бағытталған негізделген шешімдер қабылдау дағдыларын көрсетті. Ұсынылған жауаптар мен орындалған тапсырмалар түлектердің жоғары деңгейде дайындалғанын және олардың көлік, логистика және басқару салаларында кәсіби қызмет атқаруға дайын екендігін растады.

Қорытынды аттестация білім алушылардың оқу үдерісін аяқтаудағы маңызды әрі шешуші кезең болып, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының жүйелі, мақсатты және бірлескен жұмысының нәтижесін көрсетті.

Қорытынды аттестациялар бекітілген кестеге және қолданыстағы нормативтік талаптарға қатаң сәйкес өткізілді, бұл бағалау рәсімінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етті.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР РК), атап айтқанда ЦУР 4 – Сапалы білім және ЦУР 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Білім алушыларды қорытынды аттестациядан сәтті өтуімен құттықтаймыз және кәсіби жетістіктерге, мансап жолында сенімді бастау мен алдағы табыстарға тілектеспіз!

Skip to content
Приемная комиссия