Select Page

«ALT Педагогикалық колледжі» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері Б.С. Төлетаев 3-ші және 4-ші курста оқитын колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жоғарыда аталып көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу мақсатында студенттерді толғандыратын мәселелер бойынша толық ақпарат берілді. Жемқорлыққа қатысты алаңдаушылық тудыратын жағдайлардан мысалдар келтіріліп, дұрыс шешім қабылдау жолдары түсіндірілді.
Өз кезегінде студенттер сұрақтар қойып, бүгінгі күнгі өзекті жайттар және оған қатысты заң нормалары туралы мәлімет алды.

Skip to content
Приемная комиссия