Select Page

2025 жылғы 8 қыркүйекте ALT Университетінің базасында, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 88 мекенжайы бойынша, ДС №4 ғимаратында «Командалық жұмыс және стресс-менеджментті еңсеру: жүктемемен қалай күресуге болады?», «Қиын жағдайда көмек іздеудің жолдары» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шара ALT Университеті мен Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің ұйымдастыруымен өтті.

Бағдарлама аясында ALT Университетінің жетекші маман-психологы Қамбарқызы А.Қ. шақырылды.

Іс-шараға 70 студент қатысты. Сабақ сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін интерактивті форматта өтті.

Тренингтің бірінші бөлімінде қатысушылар командада тиімді өзара әрекеттесу әдістерімен, сондай-ақ стрессті басқару мен оқу жүктемесін еңсеру тәсілдерімен танысты. Екінші бөлімінде қиын өмірлік жағдайларда қолдауды қайдан және қалай алуға болатыны туралы практикалық ұсыныстар қарастырылды.

Тренинг белсенді әрі жағымды атмосферада өтті, студенттер жаттығуларға, талқылауларға және топтық жұмысқа белсене қатысты.

Қорытынды: қатысушылар оқу процесінде, командалық жұмыста және күнделікті өмірде көмектесетін құнды білім мен практикалық дағдылар алды.

Skip to content
Приемная комиссия