2026 жылғы 3–4 қарашада Компьютерлік ғылымдар департаментінің студенттері Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінде өткен «AI&Arduino Hack 2026» республикалық хакатонына қатысып, жүлделі II орын иеленді.
Команда құрамында:
- Мәсімхан Абзал Бауыржанұлы — 2-курс студенті, ИС-25-7К тобы;
- Қимран Имран Валиханұлы — 3-курс студенті, ПИ-24-3Р тобы;
- Гали Ерасыл Базарұлы — 3-курс студенті, ПИ-25-3К тобы.
Хакатон Қазақстанның бес университетінен 32 студенттің басын қосты. Қатысушылар нысандарды танып, сыртқы жабдықпен өзара әрекеттесе алатын интеллектуалды құрылғылардың прототиптерін әзірледі. Жұмыс барысында Arduino микроконтроллерлері, датчиктер, жасанды интеллект және компьютерлік көру технологиялары қолданылды.
Студенттердің хакатонға қатысуы БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 4-мақсаты — «Сапалы білім» және 9-мақсаты — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» міндеттерін іске асыруды қолдады. Байқау инженерлік және цифрлық құзыреттерді дамытуға, жасанды интеллект пен робототехниканы тәжірибеде қолдануға ықпал етті.
Финалда он команда өз жобаларын сарапшылар алқасына ұсынды. Жарыс Halyk Bank қолдауымен өтті. Жалпы жүлде қоры 700 000 теңгені құрады.
Хакатон студенттерге білімдерін тәжірибеде қолдануға, командалық әзірлеу және технологиялық шешімдерді қорғау тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді.
Студенттерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Жаңа идеялар, табысты жобалар және биік жетістіктер тілейміз!
Автор: Өмірбекова З. М.


