Select Page

Абдрешов Шамиль Аскарович,

Академиялық қызмет проректоры

 

Қазіргі уақытта елімізде кеңінен талқыланып жатқан конституциялық реформалар мемлекеттік-құқықтық жүйенің дамуының маңызды кезеңін білдіреді. Олар мемлекет пен азаматтар арасындағы қоғамдық келісімшартты жаңартуға деген ұмтылысты көрсетеді. Жаңа Конституция жобасында құқықтық негіздер мен басты құндылықтар бекітіліп, қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарамастан ұлттық бірегейлік пен тарихи дәстүрлердің сабақтастығы қамтамасыз етіледі.

Ең алдымен, жаңа Конституция жобасының тұжырымдамалық түрде терең дайындалғанын атап өту қажет. «Әділетті Қазақстан» басымдықтары мен «Заң мен тәртіп» қағидаты біртіндеп бекітіліп, мемлекеттік институттарды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге бағыттайды. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ететін этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға ерекше назар аударылады.

Академиялық және білім беру саласы үшін үшін мемлекеттің стратегиялық бағыттары ретінде білім, ғылым және инновация басымдықтарын бекіту ерекше маңызды. Бұл баптар адами капиталының қалыптасуы мен инновациялық және ғылыми ашылуларға қабілетті, жауапты және әлеуметтік белсенді азаматтардың жаңа буынын даярлау үшін жүйелік платформаны құрады.

Конституция жобасы халықаралық стандарттармен, соның ішінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үйлеседі, бұл инклюзивті, әділ және қамқор қоғам құруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, реформалар экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын күшейтеді, мемлекет пен азаматтардың табиғатты сақтау және жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру міндеттерін бекітеді.

Жалпы алғанда, ұсынылған жобада конституциялық реформаның келесі кезеңге өтуі айқын көрсетілген. Бұл кезеңде Конституцияны жаңарту – мемлекет функцияларын, билік пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесу механизмдерін, сондай-ақ адам құқықтарының институционалдық кепілдіктерін кешенді түрде қайта қарау ретінде қарастырылады. Бұл жүйелі тәсіл барлық мемлекеттік институттар, нормалар мен қағидаттардың бірыңғай шеңбер аясында үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, елдің тұрақты дамуына бағытталған. 

Skip to content
Приемная комиссия