Select Page

01.04.2026 күні университетіміздің «Төрт төстік» Жайдарман командасы Абай атындағы ҚазҰПУ сахнасында өткен Жайдарман ойынында жарқын өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.

Күлкі мен тапқырлықты ұштастырған команда өздерінің ерекше стилі, өткір әзілдері және сахнадағы еркіндігі арқылы көпшіліктің көңілінен шығып, нағыз шығармашылық әлеуеттің үлгісін көрсетті. Бұл — тек ойын ғана емес, жастардың ойлау қабілетін, тіл мәдениетін және қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізе алатын зияткерлік алаң екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Аталған жетістік БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты — «Сапалы білім» қағидатымен үндеседі. Себебі Жайдарман — студенттердің сыни ойлауын дамытып, креативтілігін арттыратын, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыратын маңызды орта.

«Төрт төстік» командасына шығармашылық табыс, шабыт және алдағы ойындарда биік белестер тілейміз!

Skip to content
Приемная комиссия