2026 жылғы 30 қазанда ALT Университетінде «Күштік трансформаторларды жөндеу және диагностикалау» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Дәрісті Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы ЭЧ-19 РРУ бастығы Айтқазин Ерик Ақанғалиевич жүргізді.
Іс-шараға Энергетика департаментінің профессор-оқытушылар құрамы және «Электр энергетикасы» мен «IT-энергетика» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері қатысты.
Дәріс барысында күштік трансформаторларды диагностикалаудың заманауи әдістері, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ерекшеліктері, сондай-ақ электр энергетикалық жабдықтардың сенімді жұмысын қамтамасыз етудің практикалық мәселелері қарастырылды. Студенттер белсенді қатысып, дипломдық жұмыстардың тақырыптарын таңдау және әзірлеу бойынша сұрақтар қойды.
Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» аясында студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыруға бағытталған. Сонымен қатар, 17-мақсат – «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» шеңберінде университет пен өндірістік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Энергетика департаменті Айтқазин Ерик Ақанғалиевичке мазмұнды дәрісі, кәсіби тәжірибесімен бөліскені және болашақ энергетика мамандарын даярлауға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Автор: Калимбетов Г. П.


