1–5 желтоқсан аралығында Language Education кафедрасында Инновациялық аптасы өтті — бұл жыл сайын ұйымдастырылатын тәжірибе алмасуға, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды шара. Апта барысында кафедра оқытушылары ашық сабақтар өткізіп, оларға басқа кафедра эксперттері мен әріптестері еркін қатысып, талдау, пікір алмасу және әдістемелік тәжірибе бөлісу мүмкіндігіне ие болды.
Ағылшын, орыс және қытай тілдері бойынша геймификация, коммуникативтік кейстер және мультимедиялық материалдарды қолдана отырып ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сабақтардың нәтижесі бойынша педагогикалық шешімдер мен әдістемелік тәсілдер талқыланды.
Сабақтар барысында оқытушылар Wayground, Kahoot, Wordwall.net, LearnEnglish.com, Test-English.com және түрлі ESL ресурстарын белсенді қолданды. Бұл студенттердің қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамытуға ықпал етті. Цифрлық викториналар, онлайн грамматика жаттықтырғыштары, сөздік қорды және тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған интерактивті тапсырмалар кеңінен қолданылды.
Инновациялық апта шетел тілдерін оқытудың ең озық тәжірибелерін көрсетіп, кафедралар арасындағы кәсіби өзара әрекеттестікті күшейтті және университетіміздің білім беру процесін жаңғыртуға бағытталған ұмтылысын айқындады.


