Select Page

2025 жылғы 26 желтоқсанда Language Education кафедрасында тілдерді оқытудың заманауи тәсілдерін дамытуға және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған кафедралық лингво-әдістемелік іс-шара өтті.

Лингво-әдістемелік семинар

  • Тақырыбы: Тілді оқытуда аутентикалық материалдарды (фильмдер, сериалдар, подкасттар, мақалалар) пайдалану
  • Баяндамашы: Досмағанбетова Н. Б.
  • Форматы: кафедралық семинар

Семинар барысында аутентикалық материалдарды оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдары, олардың студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытудағы және оқу мотивациясын арттырудағы рөлі қарастырылды. Сонымен қатар, тілді меңгерудің бастапқы және орта деңгейіндегі студенттермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне назар аударылды.

 

Мастер-класс

  • Тақырыбы: Әртүрлі білім беру бағдарламаларындағы студенттерді ағылшын тілін оқуға қалай ынталандыруға болады
  • Баяндамашы: Аманбаева А.
  • Форматы: кафедралық мастер-класс

Мастер-класс студенттердің оқу мотивациясын арттыру, әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушыларға жеке көзқарас қалыптастыру және ағылшын тілін оқуға қызығушылықты арттыратын заманауи педагогикалық әдістерді қолдану мәселелеріне арналды.

Аталған іс-шара кафедра оқытушылары арасында кәсіби пікір алмасуға, әдістемелік тәжірибені жетілдіруге және білім беру сапасын арттыруға ықпал етті.

Skip to content
Приемная комиссия