27 қазан 2025 ж. Еліміздегі Ұлы мереке — Республика күніне байланысты «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» деген тақырыпта М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті «Language Education» кафедрасының Кафедра күні іс-шарасы болып өтті. Іс-шара «Language Education» кафедрасы тәрбие жұмысы бойынша жауапты Досжанова Г.Н. ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында болып өтті. Іс-шара Әнұраннан басталып, мерекелік кештің ашылуына байланысты сөз кафедра меңгерушісі Ф.И.Смаиловаға берілді. Г.Н.Досжанова «Қазақстан — туған елім, ұлы өлкем» атты баяндамасын слайдтармен айтып шықты. Бейне-роликтер көрсетіліп, кеш әдеби-музыкалық монтажға жалғасты. Мақал-мәтелдер, көркем сөз оқылып, домбырамен күй орындалып, іс-шара өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі — биік, Туымыздың тұғыры — берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!


