22.10.25 күні Language Education кафедрасының оқытушыларына «Сөздің күші: Қалай әсерлі және сенімді жаза білу керек» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді. Дәрісті Круглова И.С., Almaty Management University (AlmaU) аға оқытушысы жүргізді. Шараны ұйымдастырушы — кафедраның сениор-лекторы Шайжанова М.М.
Дәріс барысында академиялық және кәсіби мәтін жазудағы тиімді тәсілдер қарастырылды. Круглова И.С. сенімді мәтін құрау, риторикалық құралдарды пайдалану, аудиториямен жұмыс істеу, тілдік таңдау мен мәтін құрылымы бойынша тәжірибелік кеңестер ұсынды.
Қатысушылар пікір алмасып, практикалық тапсырмалар орындады, нақты мысалдарды талқылады. Жазу этикасы мен тілдің әсер ету құралы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.


