Select Page

2025 жылғы 29 қазанда «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының техника ғылымдарының докторы, профессоры Қарсыбаев Е.Е. студенттер мен жас оқытушыларға арналған ашық сабақ форматында «Логистика мен контейнерлік тасымалдардағы инновациялар бойынша кейс-технологияларды әзірлеу және қолдану» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Сабақ идеялар зертханасына айналды: 13 студенттік жұп цифрландыру, автоматтандыру және «жасыл» көлік технологиялары туралы нақты кейстерді шешті. Презентациялар орнына – пікірталас, дәлел және шешім іздеу болды.

Басты нәтиже – дайын жауап емес, кәсіби тұрғыда ойлау, талдау және ұсыныс жасай білу қабілеті. Қатысқан әріптестер мен студенттерге алғыс білдіреміз!

Skip to content
Приемная комиссия