2021 жылдың 25-ші тамызында «Логистика және көлік академиясы» АҚ басшылығы мен «Орталық Азиядағы көлік және логистика жөніндегі серіктестік» Қауымдастығының Президенті Берік Райымбекұлы Бөлекбаев және Жобалау-логистикалық орталығының Бас директоры Василий Валентинович Королев арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде Академия білім алушыларының өндірістік тәжірибелерін, магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми тағылымдамаларды, зерттеу тәжірибелерін ұйымдастыру, сондай-ақ оларды болашақта жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Өз кезегінде серіктестер Академия кадрларын халықаралық деңгейде даярлау және қайта даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруға көмектесетіндерін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша «Логистика және көлік академиясы» АҚ мен «Орталық Азиядағы көлік және логистика жөніндегі серіктестік» Қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Келісім-шартқа қол қойылды.