Select Page

2025 жылдың 17 қазанында ALT University Логистика және бизнес институтында «Транспорттық қызметтер және бизнес» кафедрасының қолдауымен студенттерге арналған қонақ дәрісі өтті.

Қонақ дәрістің спикерлері:

Тургалиев Айдос Ерғалиевич, «ҚТЖ» ҰК» АҚ — Магистральдық желінің Алматы бөлімшесі, РЦУП-2 басшысы;

Капсалаев Елдар Мұхаметжанович, Мемлекетаралық түйісулер бөлімі басшысының орынбасары;

Халитов Ильдар Рүстемович, Мемлекетаралық түйісулер бөлімінің басшысы.

Дәріс тақырыбы: «Теміржол көлігінің жедел персоналының жұмысын ұйымдастыру».

Іс-шара барысында спикерлер теміржолдағы жедел басқару ерекшеліктерін, бөлімшелердің өзара іс-қимылын, мемлекетаралық түйісулердің пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етудегі рөлін, сондай-ақ жедел қызметтердің жұмысынан практикалық мысалдарды ұсынды.

Қонақ дәрісі студенттердің кәсіби білімін кеңейтіп, салалық жаңашыл ақпарат алуға және теміржол саласының мамандарына сұрақ қоюға мүмкіндік берді.

Skip to content
Приемная комиссия