2023 жылы 29 наурыз күні Логистика және көлік академиясының «Көліктегі логистика және менеджмент» кафедрасы Кафедра күнін өткізді. Іс – шара аясында білім алушылардың бизнес-құрылымымен және кәсіпкерлік қызметімен жетекші көшбасшылармен және көліктегі логистика мен басқару саласындағы табысты мамандармен қызықты әңгімелесулері өткізілді.
«Логистикадағы іскер әйелдер» кездесуінде қонақтар Ахметова Рамиля Курбанжановна – ASSTRA филиалының басқарушы директоры, Төлепекова Алданыш Ерболқызы – «KTZ Express» маркетинг және тарифтік саясат департаменті, Бадамбаева Айжан Ерғазиқызы – «BIG Floring Kazakhstan» ЖШС филиалының басшысы, Джусупова Айсауле Нұржігітқызы – «DMES Limited» ЖШС қаржы директоры, бизнестегі, мансаптық және жеке өсудегі табыстары туралы өмірлік оқиғаларымен бөлісті.
Қатысушылар сұрақтар қойды: іскер әйелдер болу үшін не қажет, бизнесте қалай табысты көшбасшы болуға мүмкін?– Табысты басшы болу үшін іскер әйел шешім қабылдауда ғана емес, серіктестермен және бағыныштылармен қарым-қатынаста да, керемет беріктік пен табандылық танытуы керек.Қорытындылай келе, табысты әйелдер табысты іскер әйел болу туралы 10 кеңес берді: 1. Табысты әйелдер туралы оқыңыз. 2. Қызығушылық тудыратын салада шағын зерттеу жүргізіңіз. 3. Отбасы мен жұмысты қалай біріктіру керектігі туралы ойланыңыз. 4. Жалақы теңсіздігін жеңіңіз 5. Өзіңізге сенімді және шыдамды болыңыз. 6. Өмірде өз құмарлығыңызды тауып, соған қарай жүріңіз. 7. Ұйымшыл адам болыңыз. 8. Шығармашылық туралы ұмытпаңыз. 9. Жақсы білім алыңыз және үнемі біліктілігіңізді арттыра отырып, осы деңгейде тоқтамаңыз. 10. Мақсатыңызға жету үшін аянбай еңбек етуге дайын болыңыз.Іс-шараның жалғасында «Логистика бойынша бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып зертханалық базаны дамыту» тақырыбында өндіріс өкілдерін шақыра отырып, «Көліктегі логистика және менеджмент» кафедрасының зертханалық базасын дамыту мәселелері талқыланды.Оқу үдерісіндегі маңызды элементі логистика саласына заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, логистиканың әртүрлі бизнес-үрдістерін автоматтандыруды шешу үшін жұмыс кейс-тапсырмаларын әзірлеу болып табылады.
Семинарда тәжірибелік және зертханалық сабақтарда 1С: Кәсіпорын: Көлік үрдестерін автоматтандыру; Қойманы басқару; Кәсіпорынды басқару; Сауданы басқару; ERP бағдарламалық өнімін қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
Қортындылай келгенде, біздің білімалушылар логист қонақтарымызбен және сонымен бірге бизнесмендермен, көліктегі тасымалдау және логистика үрдістерін басқару саласындағы жетекші мамандармен интерактивті қарым-қатынастан кейін жаңа шыңдарды бағындыруға шабыттанды деп үміттенеміз.