Ағымдағы жылдың 15 қазанында студенттер «Atasu Group» директорлар кеңесінің төрағасы Жұман Марат Қожаханұлымен кездесті. Марат Қожаханұлы біздің университеттің түлегі, 1999 жылы «Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру инженері» мамандығын тәмамдаған. Қонақ дәріс барысында ол логистика және халықаралық тасымалдау саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, компанияның негізгі қызметтерін атап өтті.
«Atasu Group» – Қазақстанның логистика нарығының көшбасшыларының бірі, ТМД, Еуропа және Азия елдеріне жүк тасымалын ұйымдастырады. Марат Қожаханұлы компанияның тасымалдарды қалай тиімді басқаратынын, халықаралық бағыттармен жұмыс істейтінін және логистикалық процестерді оңтайландыру үшін заманауи технологияларды қалай қолданатынын айтты. Ол экологиялық шешімдер мен қызмет көрсету сапасын сақтай отырып, шығындарды азайтудың жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударды.
Дәріс барысында студенттер логистика саласындағы практикалық аспектілерге қатысты белсенді сұрақтар қойды. Оларды «Atasu Group»-та тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, сондай-ақ осы саладағы мамандарға қойылатын талаптар қызықтырды. Марат Қожаханұлы компания жас мамандарға әрқашан ашық екенін және білікті кадрларды даярлауға мүдделі екенін атап өтті. Ол бұл салада табысты жұмысқа орналасу логистикалық тізбектерді терең түсінуді, тапсырмаларды шешуде икемділікті және халықаралық нарық жағдайында жұмыс істеуге дайын болуды талап ететінін айтты.
Сонымен қатар, студенттер компанияның көлік бағыттарын кеңейту және жаңа логистикалық шешімдерді енгізу жоспарларымен танысып, логистика және халықаралық сауда саласында мансап құруды жоспарлағандарға бұл үлкен қызығушылық тудырды.