Бұл – JD.com (Jing Dong) халықаралық логистикалық компаниясы мен Үрімжі кәсіптік университетінің қолдауымен Орталық Азиядағы алғашқы оқу-өндірістік орталық.
Мұнда біз зияткерлік логистика және электрондық коммерция саласында оқыту мен зерттеулер жүргіземіз. Біз қойма және дистрибутивтік логистика, электрондық коммерция сияқты бағыттарда заманауи технологияларды қолдана отырып, инновациялық тәсілдерді әзірлейтін боламыз.
Бүгінде біздің профессор-оқытушылар құрамы оқудан өтіп, зертханамыздың құрылымын зерделеуде.
Зертхананың негізгі функционалдық мүмкіндіктері – бұл Қойма, дистрибутивтік логистика, цифрлық логистика, электрондық коммерция:
- Қоймада тауарларды қабылдау және өңдеу аймағы: электрондық таңбалау жүйесін теру әдісімен жүктер мен тауарларды сұрыптау.
- Жүкті сақтау; жүкті қабылдау және беру.
- Конвейерлік жүйе, тауарларды тасымалдау және жеткізу.
- Қажетті қойма құжаттамасын жүргізу.
- Мүлікті сөрелік / паллеттік сақтау.
- Мобильді электрондық арбалар, тауарларды автоматтандырылған тасымалдау.
- AGV роботтарының көмегімен тауарларды жинау.
- WMS қойманы басқару бағдарламасы арқылы «тауар адамға» зияткерлік аймағымен бірлесіп сұрыптай отырып, жөнелтілімдер бойынша тапсырыстарды сұрыптау, буып-түю және жөнелтуге дайындау.
- Компьютерлік сынып, мұнда қойманы басқару жүйелері (WMS), көлікті басқару жүйелері (TMS) сияқты түрлі ақпараттық технологиялар, сондай-ақ тауар қорларын басқару, тауарларды мониторингілеу және қадағалау үшін автоматтандырылған жүйелер қолданылады. Әртүрлі дереккөздерден алынған деректерді біріктіру: CRM, ERP, веб-аналитика, IoT-құрылғылары.