Жастар саясаты басқармасының қалалық Полиция Департаментімен бірлесе, Академия студенттері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, лудомания мен нашақорлыққа қарсы бағытталған кездесу.
Ағымдағы жылдың 5-қазанында «Логистика және көлік Академиясы» базасында, Жастар саясаты басқармасының қалалық Полиция Департаментімен бірлесе, Академия студенттері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, лудомания мен нашақорлыққа қарсы бағытталған кездесу өткізілді. Аталмыш шараның басты қонақтары Алматы қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Көбеев Дәурен Асқарұлы, Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы басқармасының жедел уәкілі Бисенов Бексұлтан Ескендірұлы және Алматы қаласы бойынша Психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігер-наркологы Трубникова Анна Александровна келіп, тақырып аясында жастарға көптеген мағлұмат берді. Мамандар тұрақты даму орталығының 3-ші тармағы жақсы денсаулық және әл-ауқат тақырыптарының төңірегінде презентациялар мен видео материалдар көрсетіп, ақпараттарын кеңінен тарқатты. Сонымен қатар, енді оқуға түскен жастарға бұл тақырыптардың маңыздылығы мен қоғамдағы түрлі жағдайлардың алдын алу жайлы да сөз етілді.
Кездесуге Академия студенттері мен оқытушылар қатысып, құқықтық сауаттылық пен нашақорлыққа қарсы тың дүниелер мен ақпараттар алды.