Select Page

М.Тынышпаев атындағы ALT университеті инклюзивті білім беру және психикалық денсаулық офисінің жетекшісі Д.Р. Шабденова ұйымдастыруымен маңызды профилактикалық шара өткізілгенін мақтанышпен хабарлайды. Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық емхана Жастар денсаулығы орталығы AQ JOL басшысы Ж.С. Жетибаевамен бірлесіп, 2025 жылғы 30 қазанда университетте студенттер үшін «Лудомания және компьютерлік тәуелділік», «Нашақорлық, вейптер мен электронды шылымдардың қаупі» тақырыбында іс-шара өтті.

Семинар барысында студенттерге алдын алу және ескерту бойынша толық ақпарат берілді. Шара диалог түрінде өткізіліп, алынған білімді бекітуге мүмкіндік туғызып, іс-шараның тиімділігін арттырды. Бұл іс-шаралар ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылуда.

М. Тынышпаев атындағы ALT университеті студенттерді аталмыш іс-шараға жедел және тиімді ұйымдастыруға аталған институттардың директорларына, тәрбие ісі жөніндегі институт директорларының орынбасарларына, ДВСР директорына және эдвайзерлерге шын жүректен алғыс білдіреді. Олардың қолдауы мен қамқорлығының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жастардың денсаулық мәселелеріне байланысты ақпараттылығын және жауапкершілігін арттыру мақсатына жетті.

ALT университеті студенттердің денсаулығы мен әл-ауқатын қолдауды әрі қарай жалғастыра отырып, жауапты және ақпараттандырылған студент қауымдастығын қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

Skip to content
Приемная комиссия