Select Page

Құрметті Орунбеков Максат Багыбаевич!

Сізді «Пойыздар қозғалысын реттеуді координаталық тәсілмен ұйымдастырудың оңтайлы және қауіпсіз моделін жасау» тақырыбындағы докторлық диссертациялық жұмысыңызды сәтті қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу жолындағы маңызды жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – Сіздің ғылыми ізденісіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің, кәсіби біліміңіз бен зерттеушілік қабілетіңіздің нәтижесі. Диссертациялық зерттеуіңіз теміржол көлігіндегі пойыздар қозғалысын тиімді ұйымдастыруға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және заманауи басқару тәсілдерін дамытуға бағытталған өзекті ғылыми жұмыстың бірі.

Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт, ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс және жаңа биіктер тілейміз!

Алдағы уақытта да ғылыми еңбектеріңіз жемісті болып, теміржол көлігі мен автоматтандыру және басқару саласының дамуына қосар үлесіңіз арта берсін!

PhD дәрежесін сәтті қорғауыңыз құтты болсын!
Ғылыми жолыңыз абыройлы әрі табысты болсын!

Ізгі ниетпен,
ALT Университетінің
Автоматтандыру және басқару департаментінің ұжымы

Skip to content
Приемная комиссия