Select Page

2025 жылғы 24 маусымда Алматы қаласындағы ALT Университетінде «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өтіп жатқан М. Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары Алматы облысы бойынша Жол активтері сапасының ұлттық орталығына барды.

Сапар барысында курсанттар автомобиль жолдарын күтіп ұстау және пайдалану, жол-құрылыс материалдары, жабын түрлері, жол қозғалысын ұйымдастыру сияқты тақырыптарды практикалық түрде меңгерді.

Сабақты жүргізіп жүрген ассистент-профессор Дюсенғалиева Тұрлы Мұхтарқызының жетекшілігімен өткен бұл тәжірибелік сабаққа Университет атынан Құрылыс және көлік институтының директоры Әбдрешов Шамиль Аскарұлы,  Бөлім меңгерушісі  Кулманов Калижан Серикович және Президент-Ректор кеңесшісі Еспаева Гүлсүм Аблахатқызы да қатысты.

Курсанттар алған білім мен тәжірибеге жоғары баға беріп, сапардан үлкен әсер алды. Олар мұндай тәжірибелік сабақтардың болашақ кәсіби қызметінде маңызды екенін атап өтті.

Skip to content
Приемная комиссия