10.11.25ж. бастап 29.11.25ж. дейін «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Логистика (салалар бойынша)», «Көлік құрылысы», «Автомобиль және жол техникасы», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша 1-курс магистранттарында АLT ассоц. профессоры Л.Н.Ақбаева басшылығымен педагогикалық практика өтті («ӘГҒжДШ» кафедрасы). Магистранттар оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана отырып, «онлайн» және «офлайн» форматында дәрістер, практикалық және зертханалық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, педагогикалық практика барысында Тұрақты даму мақсаттарын (БҰҰ ТДМ) іске асыру мақсатында магистранттар ТДМ іске асыру бойынша мынадай тәрбиелік іс-шаралар өткізді: №4 – «Сапалы білім беру», №8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», №3 – «Жақсы денсаулық және салауаттылық», №9 – «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым». Іс-шараларды өткізу нысаны – интерактивті дәрістер, пікірталастар, тренингтер, тақырыптық әңгімелер болды.


