«М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті» Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Салауатты өмір салты — Толыққанды адам қалыптастырудың кепілі» атты 1-курс студенттері арасында футболдан жарыс өткізілді.
Жарысқа жалпы 18 команда қатысып, белсенділік пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Турнирдің басты мақсаты — студенттер арасында спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және командалық рухты көтеру болды.
Жарыстың нәтижелері:
1-орын — «Альянс» командасы
2-орын — «Талдык» командасы
3-орын — «ALT» командасы
Турнирдің үздік ойыншылары:
Үздік ойыншы: Кайыржан Алмат Нурмашулы (АУ-25-1к)
Үздік қорғаушы: Абдигапбар Алиби Багланулы (М-25-2к)
Үздік шабуылшы: Жумаш Абылайхан Жанарбекулы (ЛО-25-4р)
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және салауатты өмір салтын ұстану арқылы өз денсаулықтарыңызды нығайтуға шақырамыз!