Бүгін, 12 мамырда көрнекті қоғам және саяси қайраткер, Алаш қозғалысының өкілі, қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы Мұхамеджан Тынышпаевтың туылғанына 142 жыл толды.
Осыған орай Логистика және көлік академиясының алдындағы ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға Мұхамеджан Тынышпаевтың ұлы Шейх-Әли (Тынышпаев) Давлет Мұхамеджанұлы, сондай-ақ президент-ректор Амиргалиева Салтанат Нурадиловна, академияның профессор-оқытушылар құрамы мен ардагерлері және бірқатар ғалымдар қатысты.
Президент-Ректор Салтанат Нұрәділқызы Амиргалиева бүгінгі қатысқан ардагерлерімізге және олардың жеке тұлғасында біздің академияда көптеген жылдар бойы адал жұмыс істегендердің барлығына шын жүректен алғыс білдіріп, 12 мамыр мәңгі мақтаныш күні болып қала беретіндігін атап өтті. Іс-шарадан кейін ол конференц-залда жалғасты, онда аңызға айналған құрылыс алаңының 90 жылдығына орай академияның ардагерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы «Түрксіб-90» төсбелгілері мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.