Мәдени-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Көлік және құрылыс институтының студенттері Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің археология залы музейіне эдвайзер-куратор Бейсенова Шарапат Тимурқызы жетекшілігімен барды. Экскурсия барысында білім алушылар археологиялық жәдігерлермен танысып, тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын терең түсініп, олардың танымдық қызығушылығы мен мәдениетке деген құрметі артты.


