Select Page

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде (ТДМ №11 — «Тұрақты қалалар мен елді мекендер») Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT Университеті Көлік және құрылыс институтының студенттері үшін антиквариат көрмесіне экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара институттың эдвайзер-кураторлары А. Оразалы мен А. Жазылбек белсенді қатысуымен өтті. Ол студенттердің мәдени-эстетикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ олардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталды. Экскурсия барысында білім алушылар тарихи-мәдени мұрамен танысып, дәстүрлерге құрметпен қарауды және әлеуметтік жауапкершілікті сезінді.

Бұл іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді:

  • ТДМ №11 — Тұрақты қалалар мен елді мекендер: мәдени мұраны сақтау және мәдени ортаны дамыту.

Мұндай бастамаларды жүзеге асыру үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға және студенттердің әлеуметтік-мәдени жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия