Select Page

Бүгін АО «НК «Қазақстан темір жолы» және М.Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің ұйымдастыруымен студенттік геодезиялық отрядтың далалық инженерлік-геодезиялық жұмыстардың басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Болашақ мамандар Жезқазған – Бейнеу теміржол желісінің магистральдық жол учаскелерінде геодезиялық ізденістер жүргізуге қатысады. Негізгі міндет – тахеометрлер мен басқа да арнайы жабдықтарды қолдана отырып, басты жолдың нақты орналасуын аспаптық түсіру арқылы анықтау.

Іс-шара басында Ақтоғай жол дистанциясының еңбекті және техника қауіпсіздігін қорғау жөніндегі жетекші инженері Нұрмұхаметов Берік Қабылқайырұлы «Қауіпсіздік минутын» өткізіп, студенттерге далалық жағдайда қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін еске салды.

Студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тілегендер: АЛТ университетінің ректоры Жармағанбетова М.С. және АО «НК «Қазақстан темір жолы» филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» Жол және құрылыстар департаментінің директоры Бүбіканов А.С.

Сондай-ақ, ардагер теміржолшылар — өңірлік ардагерлер кеңесінің төрағасы Умаров Дуfн Құмыранұлы және АЛТ университетінің коммерцияландыру жөніндегі басқарушы директоры Мурадов Хурам Якшибайұлы студенттерге ақ жол тіледі.

Іс-шара соңында салтанатты марш әуенімен студенттерді жолға шығарып салды. Барша қатысушыларға сәтті жұмыс, кәсіби өсу және болашақ тәжірибеден жарқын әсер алу тіленді.

Skip to content
Приемная комиссия