Университетіміздің 1–2 курс магистранттары мен докторанттары 07–15 желтоқсан 2025 жыл аралығында Чанъань университетінде (ҚХР) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама барысында білім алушылар заманауи ғылыми әзірлемелермен танысып, зерттеу семинарларына қатысуда, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттерін нығайтуда. Бағдарлама жетекші профессорлардың дәрістеріне қатысуды, зертханаларды аралауды және бірлескен ғылыми жобаларды талқылауды қамтиды.
Алынған тәжірибе университеттің ғылыми қызметін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосады деп күтіледі.


