М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінде «Мансаптағы табысқа жету жолы: резюме, сұхбат, тайм-менеджмент және стресс-менеджмент» тақырыбында практикалық шеберлік-класс өтті. Шараны ShynLine компаниясының бизнес-тренері Жұбайхан Гүлсім Саматқызы жүргізді.
Шеберлік-класс студенттердің еңбек нарығына сәтті шығуы үшін қажетті негізгі дағдыларын дамытуға бағытталды. Спикер қазіргі замандағы бәсекелестік жоғары жағдайда кәсіби мансапты сенімді құруға көмектесетін практикалық құралдар мен әдістермен бөлісті.
Шеберлік-класс барысында қозғалған негізгі тақырыптар:
- Тиімді резюме құру. Спикер резюмеде болуы қажет негізгі бөлімдер, күшті жақтарды дұрыс көрсету және құжатты нақты вакансияға бейімдеу тәсілдері туралы айтты.
- Сұхбатқа дайындық. Студенттер рекруитерлер жиі қоятын сұрақтармен, өзін сенімді таныстыру әдістерімен және жиі жіберілетін қателіктермен танысты. Әсіресе «өзін қысқа форматта таныстыру» техникасына ерекше назар аударылды.
- Тайм-менеджмент. Гүлсім Саматқызы уақытты жоспарлау, тапсырмаларды басқару және оларды дұрыс басымдыққа қою стратегияларын түсіндірді.
- Стресс-менеджмент. Қатысушылар стресс деңгейін төмендету, эмоционалдық теңгерімді сақтау және ресурс қалпына келтіру әдістерін меңгерді.
Студенттер нақты жағдайларға талдау жасап, түрлі тапсырмаларды орындады және спикерге өз сұрақтарын қойды. Ашық әрі еркін форматтағы диалог жеке кеңес алуға мүмкіндік берді.
Бұл шеберлік-класс ALT Университеті студенттерінің кәсіби дағдыларын дамытуға маңызды үлес қосты. Алынған білім олардың өздерін еркін таныстыруына, уақытын тиімді басқаруына және мансап жолында сенімді қадам жасауына көмектеседі.


