ALT University-де BI Group компаниясының жобалар директоры Батыржан Абзалдың «Мансапты BI Group-пен бірге баста» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өтті. Кездесу студенттерді Қазақстанның ең ірі құрылыс компанияларының бірімен және онда жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстыруға арналды.
Дәрістің басында Батыржан Абзал BI Group компаниясының тарихы мен құрылымына тоқталып, негізгі қызмет бағыттары, корпоративтік мәдениет және компанияны саланың көшбасшысы етіп отырған құндылықтар туралы айтты.
Спикер жүзеге асырылған және қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жобаларға ерекше назар аударды. Ол соңғы жылдары аяқталған ірі жобаларды және қазір жүріп жатқан бастамаларды мысалға келтіріп, компания қызметінің ауқымын студенттерге көрсетті.
Сонымен қатар, Батыржан Абзал өзінің кәсіби жолымен бөлісіп, компаниядағы карьералық өсу мүмкіндіктері, тағылымдамалар және жас мамандарға қойылатын талаптар туралы айтты.
Кездесудің соңында BI Group өкілдері шағын рефлексия ұйымдастырды. Студенттерге 1 мен 100 аралығында бір сан жазу керек болатын арнайы карточкалар таратылды. Дәріс соңында осы сандар бойынша шағын ұтыс ойыны өткізіліп, жеңімпаздарға компанияның фирмалық имидждік өнімдері табысталды.
Дәріс жылы атмосферада өтіп, студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды және ALT University мен BI Group арасындағы серіктестікті нығайтудағы маңызды шаралардың бірі болды.


