2026 жылдың 16 сәуірінде университетімізде ерекше мазмұнға толы мотивациялық кездесу өтті. Қонағымыз – актер әрі Octagon MMA жауынгері Арнұр Қабдолдаев болды.
Кездесу барысында спикер өзінің өмір жолы, спорттағы және шығармашылықтағы тәжірибесімен бөлісіп, табысқа жету жолындағы қиындықтар мен оларды еңсерудің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, жастарға мақсат қою, тәртіп пен табандылықтың рөлі туралы әсерлі ойлар айтты. «Әр жетістік – күнделікті еңбектің нәтижесі» – деген сөзі студенттерге ерекше мотивация сыйлады. Бұл кездесу тек шабыт беріп қана қоймай, студенттердің жеке дамуына, өзіне деген сенімділігін арттыруға үлкен үлес қосты.
Осы тұрғыда іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының маңызды бағыттарымен үндеседі:
- ТДМ 4 – Сапалы білім беру: студенттердің бейресми білім алуына, тәжірибе арқылы үйренуіне мүмкіндік берілді.
- ТДМ 3 – Денсаулық және әл-ауқат: салауатты өмір салтын ұстану мен спорттың маңызы кеңінен насихатталды.
- ТДМ 8 – Лайықты еңбек және экономикалық өсу: табысқа жету жолындағы еңбекқорлық пен кәсіби даму тақырыптары қозғалды.
Осындай кездесулер жастарға жаңа серпін беріп, өз жолын табуға шабыттандырады.


