Жумагулов Марат Даулетбаевич
Әлеуметтік ғылымдар және адами даму департаментініңсениор-лекторы, тарих ғылымдарының магистрі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауы еліміздің болашағы мен алдағы даму бағыттарына арналған. Жолдауда Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту, мемлекеттік жүйені жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері қозғалды.
Менің ойымша, Жолдауда көтерілген маңызды мәселелердің бірі – ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтау. Қоғамда өзара түсіністік пен келісім болса, мемлекет те тұрақты дамиды. Сонымен қатар, еліміздің жаңа тарихи кезеңге бейімделуі үшін реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.
Президент инфрақұрылымды дамытуға, қалалар мен өңірлердің жағдайын жақсартуға да назар аударды. Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын дамыту халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, әрбір өңірдің қажеттілігін ескеріп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау маңызды. Қалаларды тиімді басқаруда цифрлық технологияларды қолдану да өзекті бағыттардың бірі болып табылады.
Қорытындылай келе, Президент Жолдауында айтылған міндеттердің орындалуы еліміздің болашағы үшін маңызды. Меніңше, негізгі мақсат – қабылданған шешімдердің халық өмірінде нақты нәтиже беруі. Мемлекет пен қоғам бірлесе әрекет етіп, әр азамат өз жауапкершілігін сезінсе, Қазақстанның дамуына үлес қосуға болады.


