Select Page

Көктемнің алғашқы мерекесі – 1 наурыз “Алғыс айту” күніне орай М.Тынышбаев атындағы ALT университетінде “Мейірім мен ризашылық” іс-шарасы өтіп, жүректерге жылулық сыйлады. Бұл мереке мейірім мен ризашылықтың, жақсылық пен достықтың жарқын көрінісі.

Көктемнің алғашқы шырайлы мерекесі ретінде белсенді студенттер оқу ордамыздың сәнін келтіріп, ерекше көңіл-күй сыйлаған тамаша іс-шара ұйымдастырды. Университетіміздің кіре берісінде арнайы безендірілген алғыс тақтасы қойылып, әр адам өзінің ізгі тілектерін жазуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, мерекелік көңіл-күйді еселей түсу үшін тәттілер мен баурсағымыз ұсынылып, қазақтың ұлттық домбыра күмбірлеп, әсем әуендер шырқалды.

Алғыс айту күні – адамдардың бір-біріне шынайы ризашылығын білдіретін, жүректерді жақындастыратын ерекше мейрам. Әрбір жылы сөз, ізгі ниет, алғыс пен мейірім айналамызды нұрландыра түсетіні сөзсіз.

Осындай тамаша кездесулер көп болып, жанымызды жылулыққа толтырсын! Іс-шараны ұйымдастырған барша белсенді студенттерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Приемная комиссия