Select Page

2026 жылғы 4 ақпанда
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында:
ТДМ 3 — Салауатты өмір салты және әл-ауқат,
ТДМ 10 — Теңсіздікті азайту,
ТДМ 4 — Сапалы білім беру

«Мен сендеймін, сен мендейсің! Инклюзия іс жүзінде: мүгедектігі бар студенттердің сенімділігі мен ресурстық жағдайын дамыту» тақырыбы аясында №2 және №4 Студенттер үйлерінде кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шара инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға, мүгедектігі бар студенттердің өзіне деген сенімін арттыруға, психологиялық тұрақтылық пен жеке ресурстарын нығайтуға бағытталды.

Кездесу барысында қызылша ауруының және жыныстық жолмен берілетін венерологиялық аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Медициналық сүйемелдеуді Nur Lab Medical Clinic қамтамасыз етті.
Түсіндіру және кеңес беру жұмысын медицина қызметкері
Бегдаирова Аягуль Джанабайқызы жүргізді.

Аталған бастамалар студенттердің денсаулығын қорғауға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және әлеуметтік инклюзияны дамытуға ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия