2026 жылғы 10 ақпанда Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU) базасында Sharmanov School of Health Sciences (SSNS) ұйымдастыруымен «Қазақстанда және әлемде клиникалық психология» атты семинар-практикум өтті.
Аталған іс-шараға Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық жөніндегі офистің жетекшісі Дария Рахималиевна Шабденова, КҚИ (ITS) және ЛБИ (ILB) институттарының директорлары, сондай-ақ эдвайзерлер қатысты.
Семинар спикері — Құдайбергенова Сандуғаш Кансарқызы, психология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ассистент-профессоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы.
Семинар бағдарламасы:
-
1-бөлім — Дәрістік: Клиникалық психологияның дамуы, заманауи тәсілдер және денсаулық сақтау жүйесіндегі маманның рөлі.
-
2-бөлім — Практикалық: Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу негіздері, қауіп факторлары, ерте белгілер және әрекет ету алгоритмдері.
Семинар нәтижесінде қатысушылар студенттермен дағдарыс жағдайында жұмыс жүргізу бойынша нақты практикалық дағдылар алды. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ), атап айтқанда 3-мақсат — «Сапалы денсаулық және әл-ауқат» пен 4-мақсат — «Сапалы білім» бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған.


