2026 жылғы 11 наурызда Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна психолог-консультант ретінде Satbayev University – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қ.) базасында өткен «Psycho Express – Support Hub: психологиялық қолдау моделі» атты жоғары оқу орындары арасындағы іс-шараға қатысты.
Іс-шара Алматы қаласының жоғары оқу орындарының психологтарын біріктіріп, кәсіби тәжірибе алмасуға, сондай-ақ білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету мен дағдарыстық жағдайларға жедел әрекет етудің тиімді механизмдерін қалыптастыруға бағытталды.
Бағдарлама аясында Дария Рахималиевна студенттер арасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу бойынша заманауи тәсілдерге арналған семинар-тренингке қатысып, сонымен қатар білім алушылардың менталдық әл-ауқатын қолдауға және психологиялық көмекті жедел көрсетуге бағытталған PsychoExpress жедел кеңес беру тәжірибесіне қатысты.
Студенттердің менталдық денсаулығы — табысты білім беру үдерісінің және әлеуметтік белсенді, тұрақты тұлғаны қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі. Қазіргі жағдайда психологиялық әл-ауқат мәселелері барлық университеттердің күшін біріктіруді талап етеді, бұл қауіпсіз, инклюзивті және қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында университет студенттері мен қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсетілді. Қатысу қорытындысы бойынша Шабденова Дария Рахималиевна университеттер арасындағы психологиялық қолдау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және студент жастардың менталдық денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Серік Қасымұлы Шалабаев, Satbayev University әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорының алғыс хатымен марапатталды.
Осындай бастамаларға қатысу БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ықпал етеді:
- ЦУР 3 – Жақсы денсаулық және әл-ауқат
- ЦУР 4 – Сапалы білім
- ЦУР 10 – Теңсіздікті азайту
Мұндай жоғары оқу орындары арасындағы іс-шаралар психологиялық қызмет мамандарының кәсіби өзара іс-қимылын дамытуға және білім беру ортасында студенттердің менталдық денсаулығын қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.


