2026 жылдың 19 наурызында Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде жол шаруашылығының ардагері, Құрметті теміржолшы Қуаншал Естемісұлы Естемісовтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы жол дистанцияларының бастықтары мен университеттің «Көлік құрылысы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Қуаншал Естемісұлы еңбек жолын Айнабұлақ дистанциясында қарапайым жол монтері болып бастап, Шу және Бескөл жол дистанцияларының бастығы, Алматы теміржолының жол қызметі бастығы деңгейіне дейін көтерілді. Түрлі жылдары Жамбыл және Алматы магистральдық желі бөлімшелерін басқарып, отандық теміржол саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ардагердің өмір жолы — бүгінгі студенттер мен болашақ теміржолшылар үшін нағыз кәсібилік пен адалдықтың үлгісі.


