М.Тынышпаев атындағы ALT университетінде » ӘГП және ДШ», кафедрасының ұйымдастыруымен » Ұлт азаттығы жолындағы М.Дулатовтың ағартушылық-саяси тұрғыдан халыққа қызметі «,-атты ғылыми- танымдық дөңгелек үстел өткізілді. М.Дулатовтың 140 жылдығына орай өткен іс- шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарихшы ғалымдары Жүгенбаева Г.С., Телеуова Э.Т., және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары Бабақұмар Хинаят., Рақыш Ж.С. қатысып, «Алаш» зиялылары туралы тағылымды үлгі-өнегелік ой-толғамдарымен бөлісті. Сондай-ақ, «Оян, Қазақ!» фильмінің продюссері Айсәуле Әбділдәнің пікірі мен Торғай өңірінен онлайн қосылған «Торғай мұражайлар» кешенінің басшысы Сәрсекей Гүлбану ханымның студенттерді М.Дулатовтың музейіндегі жәдігерлермен таныстыруы ерекше әсер етті.
Алғы сөз сөйлеген, кафедра меңгерушісі Абдирайымова А.С., ұлттың рухын оятқан М.Дулатовтың қайраткерлігіне тоқталып, «Алаш» зиялысы М.Тынышпаевтың есімі берілген университетте білім алу студенттерге үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, болашақта кәсіби маман ретінде мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосасыздар деп сенім білдірді. Өз сөзінде Г.С.Жүгенбаева «Алаш» мұрасының сан-қырлы интеллектуалдық және патриоттық бағыттағы қырларына терең талдау жасады. Білім мен ғылымның ұлтты алға жетелеуші алып күш екендігіне бағыт жасаған «Алаш» мұрасының құндылығын тұжырымдады. Сондай-ақ, Э.Т.Телеуова баяндамасында: «ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары – нағыз self-made тұлғалар еді. Олар интеллектуалдық күрестің алғашқылары болды. Олай болса, осы дәуірдің жастары жасампаз, интеллектуал болуға ұмтылу керексіздер»,-деп студенттерге ой тастады. Студенттер де белсенділік танытып, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаевтың өмірі, еңбектері туралы сұрақтар қойды.
Қорытынды сөз алған С.С.Иманбаева М.Дулатовтың 140 жылдығы-оның ұлттық руханиятымызға және мемлекетіміздің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін, тағылымдық мәнін бағамдаудың бір мүмкіндігі болғандығын атап өтті. Алаш зиялыларының есімдері әрдайым отансүйгіштіктің символы болып халықтың жадында мәңгі сақталады. Кеш соңында Шамшиева Г. келген қонақтарға ALT университеті атынан естелік сыйлықтар табыстады.
Ұйымдастырушылар: Абдирайымова А.С., Иманбаева С.С., Шамшиева Г., Жұмағұлов М., Утешова А., Қанағатов М., Баянбаева Ш.
Салтанаты шара 2.12.2025 ж. өтті.


