Select Page

2026 жылғы 11 наурызда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасы дәстүрлі «Мишлен» форматында кезекті кәсіби кездесу өткізді. «Логист маманының тұлғалық дамуы және кәсіби қалыптасуы» тақырыбындағы мастер-кластың қонағы — Құрметті теміржолшы, «Шынгар Транс» компаниялар тобының президенті Ералы Қабдылсиюнович Аутов болды.

26 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы студенттермен, магистранттармен және оқытушылармен өз ауторылық басқару тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында аналитикалық ойлау, динамикалық ортада шешім қабылдау және табысты кәсіби траектория құру мәселелеріне басымдық берілді. Бұл шара БҰҰ-ның ТДМ 4, 8, 9 және 17 мақсаттарына сәйкес келеді, өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайтады.

Skip to content
Приемная комиссия