2024 жылдың 15 наурызында Логистика және көлік Академиясында тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті ұйымдастырған «Мисс – АLT 2024» өтті. Байқау екі кезеңде өтті – іріктеу туры және үлкен финал. Финалға «Автоматтандыру және телекоммуникация», «Логистика және басқару», «Көлік инженериясы» институттарының 8 өкілі қатысты. Олар: Зейнулла Саида, Дүйсенбаева Эльмира, Әлиева Әсел, Мелс Мерім, Пилецкая Милана, Исатаева Назерке, Ардаққызы Мадина, Дауткан Самал.
Байқау қазылар алқасына Алматы қаласының атақты тұлғалары шақырылды: Турдиев Гайрат – «Integra contruction» компаниясының директоры, Мондыбай Айжан – «Miss Almaty» байқауының ұйымдастырушысы, Елжан Тұрыс – М. Әуезов атындағы ұлттық, академиялық театрдың актері., Петри Наталья – «MISS ALMATY 2023» жүлдегері, Аружан Мағзұм – блогер, биші.
Академия арулары 3 турдан өтті: «Дефиле», «Ел тарихы туралы сұрақтарға жауаптар», «Шығармашылық нөмірлерді көрсету». Барлық қыздар түрлі-түсті, жарқын, таңғажайып, сәнді, әсем, сүйкімді болды.
Түрлі-түсті шоуды «Empire dance club» би клубының мүшелері, 2 курс студенті Марупжанов Ильхамның және тағы басқалардың жеке қойылымдары безендірді.
Байқау қорытындысы бойынша «Мисс-АLT 2024» жеңімпазы Исатаева Назерке болды, Вице-мисс позициясын Ардаққызы Мадина иеленді. «QAZAQ ARUY» номинациясын Әлиева Әсел, «AYAULY ARU» номинациясын Мелс Мерім, «MEDIA person» номинациясын Зейнулла Саида, «TALENT PERFORMANCE» номинациясын Дүйсенбаева Эльмира, «FASHION MODEL» номинациясын Дауткан Самал, «FASHION style» номинациясын Пилецкая Милана алды
Әдемі шоу, әдемі қыздар, тамаша атмосфера көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.