Select Page

28 қаңтар 2026 жылы университетіміздің белсенді студенттері Эко хабта мазмұнды кездесу мен танымдық экскурсияға қатысты. Бұл іс-шара жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.

Кездесу барысында қатысушылар тұрақты даму қағидаттары, жауапты тұтыну, қалдықтарды сұрыптау және экологиялық өмір салтын ұстанудың маңызы туралы тың ақпарат алды. Эко хаб кеңістігі студенттер үшін тәжірибе мен білім тоғысқан ортаға айналып, табиғатқа жанашыр болудың нақты жолдарын көрсетті.

Экскурсия кезінде студенттер экологиялық бастамалардың қалай жүзеге асатынын өз көздерімен көріп, пайдалы дағдылармен танысты. Бұл кездесу ТДМ 12 — «Жауапты тұтыну және өндіріс» мақсатына сай өткізіліп, қоғамда саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Skip to content
Приемная комиссия