Осыған сәйкес, университеттің ардагерлері мен қарттары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен әнші Бағдат Сәмединованың «Өмір бағым» атты мерейтойлық концертіне қатысты.
Концертте еліміздің өнер сүйер қауымына кеңінен танымал жұлдыздар өнер көрсетті. Атап айтқанда, Досымжан Таңатаров, Құрмаш Махан, Индира Расылхан, Алишер Каримов, сондай-ақ «Меломен» және «Астана» топтары әсем әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара барысында қарттарымызға ерекше құрмет көрсетіліп, олардың көңіл-күйі көтеріліп, мерекелік кештен зор әсер алды. Бұл шара мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, қарттарға қуаныш сыйлаған тағылымды басқосу болды.
Мерейтойлық кеш университетіміздің ардагерлеріне деген қамқорлық пен ізеттіліктің жарқын көрінісі ретінде есте қалды.