ALT Университеті | Тынышбаев ескерткіші жанында
Бүгін Алаш ардақтысы, тұңғыш қазақ инженері, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 146 жыл толуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шара барысында тағзым етіліп, тұлғаның рухына құрмет көрсетілді. Шараға қоғам қайраткерлері, білім ордасының өкілдері және студент жастар қатысты.
Салтанатты рәсімге қатысқандар:
Тынышбаев атындағы қордың президенті – Жунисова Нұршекен
Мұхамеджан Тынышбаевтың немересі – Тынышпаева Елена Ескендировна
ҚТЖ ардагерлер кеңесінің Алматы қалалық филиалының төрағасы — Умаров Дуан Кымыранович
Мұхамеджан Тынышбаевтың есімі – темір жол тарихында, ұлт зиялылары қатарында, Алаш идеясы жолындағы күресте алтын әріппен жазылған.