Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде студенттердің «Қаржы орталығы» өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған түлектердің міндетті жұмыс өтеу мәселелері талқыланды. Орталық сарапшылары заңнамалық нормалар, жұмысқа орналасу механизмдері және міндеттен босатылу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Студенттер оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу, бюджет қаражатын өтеу тәртібі және кәсіби даму перспективалары туралы маңызды ақпарат алды. Кездесу білім алушылардың мансаптық жоспарлау және еңбек нарығына дайындалу жөніндегі түсінігін арттыруға ықпал етті.
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті «Қаржы орталығына» тиімді серіктестігі мен мазмұнды кездесуі үшін алғыс білдіреді.