Халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті мен Ташкент мемлекеттік көлік университеті өзара серіктестік туралы келісім жасасты. Бұл келісім көлік саласындағы білім, ғылым және кәсіби дайындық бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Ынтымақтастықтың бастамашысы – ALT Университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар және халықаралық ынтымақтастық департаменті, ол халықаралық байланыстарды кеңейту және заманауи білім беру технологияларын енгізу бойынша белсенді жұмыс атқаруда.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
• Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы
• Ортақ ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар
• Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру
• Халықаралық конференциялар, семинарлар және тағылымдамалар ұйымдастыру
• Көлік және логистика саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу
Ташкент мемлекеттік көлік университеті атынан:
• Баходир Тураев Хатамұлы – Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
• Ma`sud Masharipov – Декан, техника ғылымдарының философия докторы (PhD)
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті атынан:
• Амирғалиева Салтанат Нұрадилқызы – Президент-Ректор
• Қобдикова Шамсигүл Мәденейетқызы – Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
• Заманбеков Дархан Шуаұбайұлы – Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
• Тойгожинова Айнұр Жұмақанқызы – «Энергетика және цифрлық технологиялар» институтының директоры, PhD
• Абдрешов Шамиль Асқарұлы – «Көлік және құрылыс» институтының директоры, PhD докторы
• Мусаева Гүлмира Серікқызы – «Логистика және бизнес» институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор
Бұл келісім екі университеттің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, білім мен тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаң қалыптастырады. Ынтымақтастық білім беру және ғылыми инновацияларды біріктірудің маңызды кезеңіне айналады деп күтілуде, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық байланыстарды нығайтуға үлес қосады.