2025 жылғы 11 маусымда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде дәстүрлі жыл сайынғы түлектерді жұмысқа бөлу шарасы өтті. Іс-шара жас мамандарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мен жұмыс берушілермен серіктестікті нығайтуға арналған тиімді алаң болды.
Биыл бұл шараға 389 бакалавр және 37 магистрант қатысты. Ұлттық, өңірлік, мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарды қамтыған 23 ұйым өз қызметін және бос жұмыс орындарын таныстырды. Жұмыс берушілер түлектермен жеке сұхбаттар өткізіп, мансаптық мүмкіндіктерін ұсынды.
Қатысушы компаниялар қатарында:
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ
- «Loco-Center» ЖШС
- «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
- «Алматылық көпір құрылыстары зауыты (АЗМК)» ЖШС
- «KAP Logistics» ЖШС
- «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы филиалы
- «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ
- Алматы қаласының Еңбек ұтқырлығы орталығы
- «Талдыкорған АТЭК» АҚ
- «Алматылық электр станциялары» АҚ
- «Integra Construction KZ» ЖШС
- «Has Global Logistic» ЖШС
- «QAZAUTOLAB» ЖШС
- «Mycar Raiymbek» ЖШС
- «MyCar Almaty» ЖШС
- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
- «СарыаркаАвтопром» ЖШС (онлайн)
- «КазАэроНавигация» РМК
- Алматы қаласы әкімдігінің «Метрополитен» ШЖҚ КМК
- «Алматы-Стандарт» ЖШС
- «АДТ Транс» ЖШС
- «Шынғар Транс» ЖШС
- «Теміржол жөндеу» ЖШС
Өткізілген шара ALT Университеті түлектерінің еңбек нарығындағы жоғары сұранысқа ие екенін және университеттің жұмыспен қамтуға бағытталған жүйесінің тиімділігін растады. Университет студенттер үшін серіктестік желіні кеңейтіп, мансаптық мүмкіндіктерді дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті барлық жұмыс берушілерге белсенді қатысқаны, қызығушылық танытқаны және түлектерге артқан сенімі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.