2025 жылғы 8 мамырда Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің студенттері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Іс-шара «Алматы — біздің ортақ үйіміз» ұранымен өтті және оны Алматы қаласы әкімдігіұйымдастырды.
Мұндай бастамаларға қатысу – студенттердің азаматтық жауапкершілігін, патриоттық сезімін және ел тарихына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.