Select Page

2026 жылғы 12 ақпанда қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Қазақстан–Ресей медициналық университетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Үш бақытым» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-тармағы – Сапалы білім бағыты аясында ұйымдастырылып, ақын мұрасын жас ұрпаққа таныту, поэзияның рухани-эстетикалық құндылығын дәріптеуді мақсат етті.

Аталған кешке біздің бірінші курс студенттері Сейдразах Амина (ИС-25-10к), Юлдашев Ислам (ПИ-25-3к), Даукенова Аяулым (ТСЭБ-25-1к) және Өксікбай Ырыскелді (SR ЦТТС-25-1к) қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Ғылыми жетекшілери п.ғ.к. Смаилова Ф.И., және сениор-лектор Мадениет Н.М.

Шара мазмұнды өтіп, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.

Skip to content
Приемная комиссия